Жақсы кино: «Пижама киген бала»


10445Бумеранг деген құрылғы бар. Лақтырасың, біршама биіктікке ұшып барып, қайта айналып соғады.  Неғұрлым қатты күшпен лақтырсаң, соғұрлым қатты күшпен қайта оралады.  Адамдар жасайтын жақсылық та, жамандық та сол секілді.  Айналып соғады, міндетті түрде айналып соғады… 

Марк Херманның «Пижама киген баласы» Джон Бойлдың кітабы  желісінде түсірілген. Бұл –  сегіз жасар Бруноның хикаясы. Оның әкесі нацистік Германияның белді офицері.  Демек, жұмыс бабымен жиі  қоныс аударатын отбасы деген сөз.  Бірақ осы жолғы жаңа қоныс Бруноға  біртүрлі көрінді.  Үй орманның арасында. Дос жоқ, көрші жоқ. Дуалы биік. Оны күзетіп тұратын әскерилердің де түрі суық.  Ең қызығы, бұл үйден әудем жерде ұзын мұнара көрініп тұратын. Сол мұнарадан ауық-ауық қара түтін шығады.  Иісі біртүрлі күлімсі, жанға жайсыз еді.  Бруноның «бұл не» деген сұрағына ешкім жарытып жауап та бермеген. Бала қарап тұрсын ба. Әке-шешесінің тиымына құлақ аспай, Оқуды жалғастыру

Advertisements

Деген екен…


Өзімді айналамды қыран-топан күлкіге батырып жүретін әзілкеш санай алмаймын. Белгілі бір саясаттанушы ағамыз секілді «6000 анекдотты жатқа білемін» деп те мақтана алмаймын. Тіпті кейде әзіл көтере алмай жатамын. Сондықтан, бұл турдың тапсырмасы маған ауыр келді десем, жеңіл құтылғаным болар еді. Ары да бері ойланып жатып, ел алдында жүрген тұлғалардың өзара әзіл-қалжыңдары туралы жазғым келді. Тек естігенімді ғана. Бұрын басқа жерде жарияланбаған деп үміттенемін.

Көпен Әмірбек ағаммен кездесе қалсам, әңгіме сұрап мазасын аламын. Бірде Мәдина Ералиева марқұм «Шкода» көлігін сатып алады. Бұл тоқсаныншы жылдардың ортасы болатын. Ол кезде мұндай көлік сатып алу – екінің бірінң қолынан келе бермейді екен. Қара жаяу Көпен Мәдинаны көрсе, жата жабысатын көрінеді. «Мадинаш-ей, ала кетші». «Мадинаш-ей, үйге апарып тасташы» деп. Сөйтіп жүргенде, бір күні Көпен ағаның келіншегі аздап қызғана бастағандай ма, біртүрлі мінездер шығарыпты. Сөйтсе, ауладағы іші пысқан келіншектер «Көпен пен Мәдинаның арасында бірдеңе бар» деп өсек таратып жіберген екен. Көпен болған жайды Мәдинаға айтыпты. Сосын Мәдина апамыз «Онда отырыңыз, қазір сол аулаға барып, істің басын ашып алайық» депті. Әдеттегідей, Көпен көкем мен Мәдина апам мінген «шкода» келеді. Ауладаға келіншектер өтірік байқамағансып, көзінің қырымен бұл екеуін бағып отыр. Арасында Көпен ағамыздың да келіншегі бар екен.

Марқұм Мәдина Көпен ағаны көліктен түсіріп жатып, «ей, қатындар, мына байларыңа ие болыңдар. Бәле болды түге,соңымнан қалмайды» деп «лақтырып» кетіпті. «Мадинаш мені косякқа әдемі тығып кетті. Әйелім әлі сенбейді» деп күлді Көпен аға.

Көпен ағамнан бір анекдот: - Ей, түйеқұс, сен түйесің бе, құссың ба,- деп сұрапты.
- Мен түйемін,- депті ол.
-Мә, онда жүкті көтер,- десе,

– Жоқ мен құспын, – депті анау.

- Ендеше ұшпайсың ба? - десе,
- Жоқ, мен түйемін, - деген екен түйеқұс басын құмға тығып.

(білмеймін, осы анекдотты өзі айтса, мен шегім қатып күлемін 🙂 )

Бірде Жүрсекең (Жүрсін Ерман) батыс аймаққа айтыс өткізуге барыпты. Ауыл адамдары қалбалақтап қарсы алып, жерге түсірмей жүріпті. Кешкісін сол ауылдағы беделді бір үйі қонақасына шақырыпты. Үйдің иесі «Жүрсеке, ет асайын ба, әлде қуырдақ жейсіз бе?» деп дархандық танытып жатса, «сендердің үйде бір ғана қазан ба еді?» деп әдемі астарлаған көрінеді 🙂

Мына бір жайтты Бекболат Тілеухан ағам айтып беріп еді. Бірде Шымкент жақтағы бір ауылда Қазақстанның бетке ұстар өнер қайраткерлері үлкен бір шарада бас қосып қалыпты. Арасында композитор Қуат Шілдебаев та бар көрінеді. Ауыл әкімі қаға берісте Қуат ағамды сол өңірдегі 98 жасар ең қарт ананың қасына апарып, «апа, мына жігіт КСРО композиторлар Одағының мүшесі, «Отырардың күйреуі» деген киноға музыка жазған, небір әндердің авторы Қуат Шілдебаев деген балаңыз осы» десе, қартайып қалған ана атақты композиторға мүсіркей қарап, «иии, қайтсін-ай бейшара, қайтсін енді» дейтін көрінеді. 🙂

Мен араласатын аға буын өкілдерінің ішінде ең қалжыңбасы әрі қағытпа сөзге шебері Бауыржан Ибрагимов ағамыз. Ол кісі өз шашына қарамай мені дудар бас деп қағытады. Мен де құр қалмай, «өзіңізге қарап алмайсыз ба» десем, «менің басым киіз бас, ал сенікі дудар бас, соны да білмейді-ей мынау» деп тұқыртып жатады. Сол Баукең айтып берген мына оқиғаны жеткізейін.

Асқар Сүлейменовтың кербез, әрі тік мінезді болғанын оқырман біледі ғой. Ол кісінің темекісінің күлін сол иығынан асыра тастайтын әдеті бар екен. Басында шляпасы, үстінде плащы бар интелегент ағам үнемі қоғамдың тәртіпке қарсы бір қылық танытып жүреді екен. Бірде сол кісі жолдың жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын тұсынан өтіп бара жатса, МАИ қызметкері тоқтатыпты. « Жолдас Сүлейменов, ереже бұзғаныңыз үшін 5 сом айыппұл төлейсіз» деп протоколын шығарып жатса, Асекең «мә, 10 сом» депті. МАИ қызметкері «жоқ, сіз ережені бір рет бұздыңыз, демек, 5 сом ғана төлейсіз» десе, «әй, мен қазір қайтадан осы жолмен кері қайтам, сразу ала сал» деген екен.

Жиырма


264988_393957677348557_2028394229_nсурет мына жерден алынды

Грозный қаласының тұрғыны Мұса Дадаевтың қайырымдылығына куә бұл фотоны осыдан  екі жыл бұрын көргенде «онда тұрған не бар, кереметтей жақсылық емес» деп ойлағам. Өйтуіме екі себеп бар еді:

  1. Қаскелеңде тап осындай қайырымдылық жасап жүретін жандарды бала кезімнен жиі кездестіретінмін. Олардың басында тақия, иегінде сақалы болмаған шығар… Бірақ, таңғы төртте сонау Қаскелеңнен Алматыдағы әуежайға бір көрген жандарды еш қиналмастан тасып жүретін досым Алмас, красавчик Дэнни (центрдегі «Сони плэйстейшнді» жұма сайын тегін ойнататын Данияр) немесе түрік Мурад та жол-жөнекей адамдарды тегін алып кетуші еді. Сондықтан, бұл садақа мен үшін аса таңырқайтын қайырымдылықтың қатарына кірмейтін.
  2. Әлем сәт сайын өзгеруде екен. Себебі, ол кезде (мейлі екі жыл бұрын болса да) адамдар сәл-сәл мейірімділеу ме еді? 🙂 Иә, ол кезде де түрлі-түсті төңкерістер болған, адам адамды өлтіріп жатқан. Қанап жатқан. Жала жабу, бопсалау, ұрлық-қарлық, жек көру, аңдысу… адам жаратылғалы бері жүріп жатқан еді. Бірақ ол кезде кездейсоқ жаннан 1000 теңгені майдалау ары кетсе 5 минут немесе 5-ші адамнан кейін-ақ іске асатын. Жалпы, аяқ астынан тегін жақсылық жасайтын немесе жай ғана адамгершілік (лифтіге үлгермей жатсаң, «стопты» басып күтіп тұратын секілді) істерді бүгінгідей сирек кездестірмейтінмін.

Мүмкін, сол мәрт мінезіміздің кеміп, болмысымыздың жасық тартқаны ма, садақаның мазмұны шашына қасы жалғасып жүретін лөлидің жүгермегіне жұмада ұстатар 50 теңгелікпен астасып қалды. Бұдан садақаның маңызын кемітпесек, арттыра алмадық. Тырыспадық та дейінші, өзіме тисе де… Ал, негізі қандай еді? Садақаның ауқымы 50 теңгеден әлдеқайда кең екен (зекет пен пітірді қоспай-ақ қойдым). Төменге өзім білетін садақаның бірнеше мысалын беріп көрейін.

1. «Made in China» деген бір жапырақ қағазын көрмегенсіп, былтыр Италияның «Salvatini» брэнді деп сатып алған костьюміңіз сәл көнеріп қалды делік. Болмаса, тағы да сол өзіңізге  ұнайтын «Кензо» әтірі құтының бел ортасына келіп қалыпты. Енді осыны неге табымы аз досыңызға, танысыңызға, көршіңізге, бауырыңызға сыйлай салмасқа. Қуанып қалсын. «Өздеріңнің ең жақсы көретін дүниелеріңнен сый жасаңдар» дейтін сөз бар екен. Шкаф-гардеробыңызды ашып көріңізші, ары кетсе жаңа деген 1-2 көйлегіңізді ғана күнара киесіз. Ал, қалған 5-6 жейдеңіз көбелектерді күтіп босқа тұр ғой.
12. Сіздің жақсы бір досыңыз білместікпен несие алып қойып, оның ай сайынғы өтемақысын таба алмай шырылдап жүр делік. Соның несиесін жабуға қарыз беріңіз де, оны кейін кешіре салыңыз. Сұрамаңыз. Берсе, алмаңыз. Одан да анау пәлекеттен құтыл деп банкке жол сілтеңіз. Керемет емес пе?

23.  Егер үйіңіз кеңдеу болса, өз отбасыңыздың қажетінен артылып тұрса,  жай таппай, жадап жүрген досыңызға, танысыңызға ұсынсаңыз болады. Мейлі, тегін болмасын-ақ. Бірақ нарықтан төмен бағамен. (Мысалы менің танысым Қаскелеңдегі үйінің бір бөлігін өз құрбысына пәтерге беріп отыр. Нарықтан біршама төмен.) 34.  Ардагер көршіңіз бар ма? Отырса тұра алмайтын, тұрса отыра алмайтын қартайған алыс туысыңыз бар ма? Міне, тамаша! Үйін жинап беріңіз, тамағын дайындаңыз, гүліне су құйыңыз. Тіпті бар ғой,жылына бір-екі мәрте коммуналды қызметін төлеп берсеңіз де қант-шайдан артылмайтын зейнетақысына біршама сеп болар еді. Өзіңіз де бір жасап қаласыз.
Оқуды жалғастыру

Сіз ешқашан бұлай істеп жүрмеңіз!


Мен, Жандос Құсайын, осы жазбаны бабы келіскен көк шәй ішіп отырғандай сезімде әрі көтеріңкі көңіл-күйде рахаттанып отырып жаздым.

Ескерту: бұл материалдағы кеңестер мен тәжірбиелер интернет кеңістігінде жазу стилін енді-енді қалыптастырып келе жатқан, яғни, мамандығы журналист емес замандастарға арналады. Тап осы жерден кәсібилік пен халықаралық адам құқықтарына сай мораль іздеген адамға арнайы киллер жалдайтынымды қуана хабарлаймын.

Егер мені осыдан үш жыл бұрын көшеден біреу ұстап алып, «Қазақстандағы интернет журналистика туралы айтшы» десе, «тіптен хабарым жоқ» деп ойланбастан айтар едім. 2011 жылы блогерліктің есігін сығалап жүргенде, мені екі сөздің басын құрап, бірдеңе жаза қояды деп ешкім ойламаса керек-ті.

Студент шақта «Қазақ әдебиетінің» Еркін Жаппасұлы басқаратын «Қалжың қалтасына» бірді-екілі шимай беріп тұрғаным болмаса, қолыма пернетақта алып, ынта-шынтамен жазуды хал-хадерімше меңгере бастағаным – осы жаңа медианың кеңінен насихатталып, интернет трафиктің бағасы да қалта көтерерліктей болған тұсы шығар. Блогтұғырлар мен түрлі сайттар берген мүмкіндік қазір қолының ебі бар, ерінбеген жанды блогер-журналист қылып қалыптастырып жатыр емес пе?

Журналист демекші, осы мамандықты 4 жыл оқыған, табақтай дипломы бар «легалды жүрекеңдерге» қарап, кейде ұяласың. Бірақ амал не, «тапқан – тапқандікі, ешкі – баққандікі». Істің көзін (шамасы, жазудың кілтін) таптың – білдей бір сайтта жазбагерсің. Анда-санда той-жиындарда сөз бергенде «пәлен деген сайттың журналисі, түген деген мақала жазған» деп таныстырып жатса, ұялмай-қызармай, мұртыңнан (сақалыңнан) күліп, елге ақыл айтып тұрғаның. Бұл бұл ма, қазір білдей бір республикалық газеттердің веб-нұсқасында да классикалық журналистиканың өкілдеріне орын қалмаған секілді. Мынау соның айқын бір мысалы:

 BulSTCBCEAA6Eb-_002BulSXfrCMAE734V

Бірақ, Қазіргі «Егемен» кешегі «Ұшқын» емес. Мына хабарландыру да газет бетіне шыққан жоқ. Ендеше, бұл – сайт. «Тейк ит изи» 🙂. Бірақ сіз ешқашан бұлай істеп жүрмеңіз!

БезымянныйДегенмен, жазу өнерінде»бұғанасы беки қоймаған» мен үшін қазірдің өзінде «жаңа медиа», «конвергентті журналистика» немесе «интернет журналистика» туралы Асхат Еркімбайдан асып бірдеңе дей қою – «нахалдықтың» шыңы секілді. Сондықтан «интернет-журналистика» туралы жалпы түсінікті толғаудан аулақпын. Тек хоббиім болған «Жақсы» ұлттық порталындағы өз тәжірибем мен материал дайындау барысындағы ерекшеліктерді тілге тиек етіп көрсем деймін.

«Жиендік жасау»

жиендик2011 жылы «Жақсы» ұлттық порталын бір топ энтузиастар, атап айтар болсам, мен, Ләпен, КөпенТөкен және Өркен бастап ашқанда, басты мақсатымыз – тек жақсылыққа шақыратын көпәріп теріп, қоғамға мысқалдай болса да әсер ету болған. Білем, пафос, бірақ расы сол еді. Үш жыл қатарынан тағынан таймай отырған диктат… жоқ, редактор-үйлестірушіміз Өркен Кенжебектің қашанғы бір талабы: «Маған идеал керек емес, маған материал керек» болатын. Иә, сіз бұл қанатты сөздің сәл бұрмаланған түрде қайдан ұрланғанын біліп отырсыз. Интернет журналистиканың дәстүрлі журналистикадан айырмашылығы – ұрлықты анайы әрі ашық істейтіндігімен ерекшеленетін секілді. Дәстүрлі жүрекеңдер бұл «өнерден» бұрыннан кенде емес қой, бірақ еркін кеңістікке келгелі осы қыры түрленіп кеткенін мойындауымыз керек. Өз басым «журналист» деген мамандықтың иесі болмасам да, олардан қалмай әлі де сөз, факт, мысал ұрлаймын. Мен бұл турасында әсте мақтанудан аулақпын, бірақ бұл – факт. Әрі-беріден соң, интернет журналистиканың ең бір опасыз тұсы осы деп санаймын. Қазір гуглдеттіңіз, ақпараттар лек-легімен алдыңызда тұр. Мәселе оның рас-өтірігінде емес, мәселе – тапқаныңызда. Енді соның өңін айналдырып, бояуын қалыңдатып немесе жұқартып, өзіңіздің стильге салып, жазып шығасыз. Мысалы, 2012 жылдың 8 мамырында шыққан оқушыларға жыныстық тәрбие туралы сабақ беруді ұсынған Айткүл Самақова апайыма қынжыла отырып жазған критикалық «Кімге керек көтентану?» деген мақаламда мынандай жолдар бар.

«Американың жыныстық өмірі туралы айтып жату артық шығар. Мысалы, 2008 жылғы зерттеудің нәтижесі бұл елде 1,21 млн жасанды түсік жасалғанын көрсетеді. Ал, жыл сайынғы орта есеп – 1 млн-нан асып жығылады».

Бұл «фактіні» мұхит асып барып, арнайы зерттеу жасап таппағыным екібастан белгілі. Ендеше, бұл не қылған зерттеу? Нендей орталық жасапты оны? Сол баяғы, гуглдеттім, кезікті, қақшыдым. Гәп – осындай фактілердің қайнар көзіне ең болмаса гиперсілтеме беруде. Бәлкім, бұл мақала газетке басылар болса, дереккөздерді мақаланың соңына жазарсыз,онда да ұятыңыз болса. Бірақ интернет журналистикада «гиперсілтеме» деген тегін «рахмет» тұр ғой. Бірақ мен көп жағдайда шетелдік сайттардан («көрсетпей сұрап») алынған фактілерге «жиендік жасайтын» әдеттен арыла алмай-ақ қойдым. Ерінем бе, «кім біліп жатырға» саламын ба… Әлбетте, сіз ешқашан өйтіп жүрмеңізші…

Жүйрік жазба

жуйрик жазбаӘлгі Өркеннің тағы бір қатып қалған қағидасы: Оқуды жалғастыру

Кадр сыртындағы 5 фактор


10 күннен бері ат желдіртіп, ел танып жүрміз. Кино түсірмек болған талабымыз әзірге таусыла қоймаса да, кейбір кедергілер әлден жүйкені жұқарта бастады. Телеарнада натуралық түсірілімге аса бас ауыртып жатпаймыз ғой. Бас-аяғы он шақты адамды «Қосшы» мен «Талапкердің» айналасында ары бір, бері бір жүргізіп түсіре саласыз да, жамап-жасқап эфирге сырғыта саласыз. Ал, киноның өзіндік талабы жетерлік екен. Мысалы, натура мәселесі. Егер кино желісі ауылда өрбитін болса, онда натура да барынша «ауыл» түсінігіне сай болғаны дұрыс. Аймақтың ерекшелігі де ескерілуі керек. Бұл бір ғана мысал. Жалпы кино-клип-ролик түсірілімі бірнеше дайындық этаптарынан тұрады. Біршама таңдаулар мен салыстыруларды бастан өткеріп, тер төгесіз. Мен осы саладағы 5 фактор туралы білгеніммен бөлісемін.

1

  1. 1. Натура. атура (НАТ) – кино-клиптегі оқиға өрбитін сыртқы көрініс.  Айтпақшы, осы түсінікпен қатар жүретін  интерьер  (ИНТ) – оқиға өрбитін ішкі мекен. Мысалы, пәтердің іші, мәдениет үйінің дәлізі секілді)

Әгәрәки, кино бәйге туралы болса, әлбетте Павлодар мен Петропавлдан гөрі, Шымкент пен Тараз ойыңызға бірінші оралады. Кәнігі шабандоздар мен жарауы асқан желкен торыларды табу оңайырақ дегендей.

2

Салыстырмалы түрде қазақы калорит, алма-бақ, ескілік, ағашы сырланған шарбақ, қорасында шөмеле шөп секілді ауылға «ауылдық сипат» беретін дүниелер де оңтүстікке тән десем ешкім таласа қоймас. Бірақ  10 күндік натура іздеу экспедиция аясында біздің жоспарға (уақыт тапшылығына байланысты) оңтүстік өңірге бару кірмеді де, тек Алматының айналасын «тінтуімізге» тура келді.  Түйгеніміз, қазір ауыл табиғи калоритінен айырылып бара жатқан секілді. Ұзынағаш пен Есіктің төңірегі, Бақанас жақ, Талдықорғанның маңы бара-бара қалашыққа айналып кете ме, қайтеді? Кірпіштен қаланып соғылған қоршаулар мен жалтыраған жаңа шатырдан көз шағылысады. Шөмеле шөп түгілі қор-қопсысы да көзге аса көріне бермеді. Қозы-лақпен ойнайтын бала кездестірмедік. Бірен-саран болмаса, қазақ ауылдарының дені төрт түліктен жеріп кеткен секілді. Шығатын түйін: нағыз қазақы ауыл түсінігі өзгерген. Қала мен ауылдың шекарасы тарыла бергені жүдә жақсы болса керек-ті. Бірақ менің ішкі талғамым бала кездегі ауылды аңсайды да тұрады. Дегенмен айналасы 20 шақты ғана ауылды аралап, күллі республикаға бір сипат беруден аулақпын. Бәлкім,  әлі іздегенімді таппаған шығармын. Әрине, мен үшін Алматыдан гөрі  Тараздың да айналасы жарар еді, бірақ бояуы қанық, тауы да биік Алматы немесе Көкшетауға аңсарым ауды да кетті. Көкшетау демекші, ондағы Оқжетпес те кадр сүйгіш табиғи туынды. Бірақ оның мінездемесі камера ұстаған қауымға Астанадағы Бәйтерек секілді: суретке түсуден ары аспайтын обьект. Натура мәселесін көбіне кино операторлар нақты сезеді. Еркін Айбасов есімді кино оператордың айтуынша бұл жерде ауаның ылғалдығы немесе күннің түсуі траекториясы да ескеріледі екен. Егер сіз байқасаңыз, әсіресе мұхит-теңіздің жағасында түсірілген видеоматериалдың кадры тұнықтығымен ерекшеленеді. Менің түсінгенім – бұл жерлерде ауа ылғалдылығы жоғары, сәйкесінше күннің сәулесі де біршама сынады. Сосын аракідік жел соғып түратын, яғни ауаны тазартып тұратын мекендерде де кадрдың бояуы қанық болуына себі тиеді. Астана мен Алматының өзін салыстырып қараңыз. Әсіресе қыс мезгілінде.  Алматыда түскен суретіңіз бен Астанадағы портретіңізді салыстыра отырып, байқасаңыз екеуі екі түрлі бояу, температура және диафрагма береді. Демек, ауадағы ұсақ молекулалардың өзі кадрдің бояуына әсер етеді деген сөз. Бұл әлбетте қырағы кәсібилер ғана байқайтын ерекшеліктер.      

Бәйге туралы киноға натура – Алматы облысы немесе Көкшетау.

2. Актер. 4

Басқаны қайдам, бірақ мен актерлерді өңірлерден алғанды ұнатамын. (Бұған дейін қырғын кино түсірген адамша сөйледім-ау). Қаршадайымнан түрлі телевизиялық роликтер мен мерекелік концерттер, мюзиклдар түсірген жалмақай ретінде айтайын, Алматы қаласының актерлері бәрібір «жұлдыз» ауруын жұқтырған. Себебі, бұл қала өнер ошағы. Азды-көпті қазақтың кино индустриясы да осы қалада болғандықтан, олардың кей-кейде кергитін де жөні бар. Айтпақшы, бұл мінез соңғы кездері астаналық гамлеттерге де жұға бастапты. Әрине, әртіс адам үнемі халық назарында болғандықтан басын көтере ұстағаны дұрыс шығар, бірақ ол тәкаппарлыққа айналмаса болды. Салыстырмалы түрде Талдықорған мен қостанайлық әртістер өте қарапайым. Өйткені, олар танымалдыққа «шөлдеп» отыр. Кейбірі кино, ролик, клиптерге тегін түсуге дайын. Факт керек пе? Мысалы, қостанайлық Сәулехан дейтін актер бар. Өз сөзі: «Жандос мырза, әбден танылғанымша отқа да, суға да салыңыз.1 жыл тегін қызмет етуге әзірмін». Айта кетейін, бұл кісі айына 5-6 тойға баратын, сол өңірге біршама танымал жан. Талдықорғандағы актер Мерей: «Жандос, өнер үшін бәріне әзірмін. Тегін!».  Енді шымқалалық актерлердің орта гонорарын айта кетейін. Фильмнің (ролик, клип) тапсырыс берушісі мемлекет болса, күндік гонорар 100$-200$. (Өйткені, мемлекет киноға қырғын ақша береді деген стереотип қалыптасып қалған). Мысалы, Шымкентік әнші-актер Толыбай «егер толық метр кино болатын болса, екі тойдың ақшасын берсең, кімді болса да ойнап береміз ғой» деп жымияды үнемі. Егер тапсырыс беруші тәуелсіз студия болса, күндік жалақы 5000 тг -10 000 теңгенің аралығына дейін құлдырайды.  Бірақ өз басым Шымқаладан тегін актер кезіктірмедім. Бұл жаман деген сөз емес. Меніңше, кез-келген қызмет еңбегіне сай уақтылы және ризашылықпен төленуі керек. Бірақ шектен шыға «заряжать» ету де біртүрлі секілді ме? Ескерте кетейін, бүгін қарапайым актер жан, ертең миллиондардың сүйіспеншілігіне бөленіп кетіп жатса, одан бұрынғы қарым-қатынасты күтпеңіз. Кешіре біліңіз.

Өз басым Қостанай, Семей және Талдықорғанның актерлерімен жұмыс істегенді ұнатамын. Қарапайым және жауарпкершілікті бірінші қояды. 

Оқуды жалғастыру

Асқар


Шиеліге жол түсті. Блогиаданы тапсырмасын орындамаққа жолға шықтым. Кейіпкерім Асқар Базарбай сіздерге жақсы таныс. Дегенмен, кейбір жайттарды өз аузынан естіп, визуалды түрде мимикасын байқап дегендей. Жазбаға шебер жігіттің сөзге шешендігін де байқап көргім келді.  Қысқасы, осы тапсырма неге екені белгісіз, видеосұқбатқа сұранып тұрғандай көрінді. Сонымен, төмендегі видеоматериалға назар аударыңыз.

Рейтинг


Сүзгісіз сөздің көпшілікке сүрінбей жететін жері әлеуметтік желі болған соң, бұл жерде кім не демей жатыр. Оны қойшы, мінезі қыздай адамға төтеннен айбарлы бахадүр кейіп беретін бұл бәленің не сиқыры бар деймін де. Түрлі провакациялар, түрлі мінездер, тіпті әкім-қара деп танымай «бетке айту» үрдісі әзірге тек осы алаңда жүріп жатыр. Қуану, құттықтау, ғашық болу, ызалану, жек көру, ренжу, қызғану, қарғыс айту секілді адами эмоциялардың қайнар көзі де осы ӘЖ. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында тұратын, «Мой мирдегі» досы 111-ге жетіп жығылған курстасым Нұржан-жикичаннан бастап, Америка Құрама Штаты, Вашингтон қаласы, Ақ Үй резиденциясында әлемге ақ тісін көрсете күліп отырған, follower саны 44,1 млн-нан асатын Барак Обамаға дейінгі аралықта пікір бостандығы мен таңдау еркіндігінің абсолюттік жандануы тап осында. Қаласаң «ұнатасың», қаламасаң жамандап кетесің. Ешкім бетіңнен қақпайды. Сондай-ақ, Ербол Серікбай айтып жүретін «пышақ» түсінігі бұл: «нан да турауға болады, қолды да кесуге болады» .   

нуржан мен обама

Дегенмен, мен бүгін «пышақтың» жүзін басында қызды-қыздымен туиттерге тіркеліп, кейін жым-жылас болған бірқатар мемлекеттік шенеуніктерге бұрғым келіп отыр.  Тот басқан аккаунттарды адақтаймын. Соңғы рет қашан және қай тілде, не жазды деген сұрақ негізінде рейтинг түземін.  Алдымен мына бір ойымды сүйкей салғым келіп тұр:

Апта басынан бері ФБ лентамды бақылап отырып түсінгенім, қолданушылардың дені әлеуметтік проблемалардан гөрі қандай да бір жекелеген адамның саяси-шығармашылық-пендеуи  жақтарын сөз етеді екен. Иә, талқыламайды, сөз етеді. Осы төңіректе көгеріп, көкбеттеніп отырады.  Бұл «әлеумет» сөзінің мағынасына сия ма, жоқ па, әлде жай ғана өсек-аяң дейтін қасиет пе? Сіздің жауап қандай боларын білмеймін,  ал менің жауабым айқын: қандай да бір адамды шибөріше жабыла талауды  «қоғамдық сананың қалыптасуы» немесе «халық» ұғымының кемелденуі  деп санамаймын. Бұл керісінше, нәзік жандылар легалдандырып алған «өсек-аяң» дейтін құбылысқа соқталдай-соқталдай жігіттердің  ауыз сала бастауы деп ұғам.  Мысалы, соңғы Әли Оқаповпен болған шуды алып қарайық. Жеке басыма Роза Рымбаева түскен «Беш» клипі ұнамады. Меніңше, бұл шығармашылық тоқырау, бәлкім шығармашылық сәтсіздік. Әйтеуір талғамыма сай емес дүние. Бірақ бұл «жаза басу» қазақ өнеріне еңбегі сіңген адамды келеке етуге, оның статусына сай емес кемсітпе пікір жазуыма себеп болмаса керек-ті. Сынау құпталады, сыңарезулену –  жақсы емес. Әгәрәки, олай бола қалса, «топассың» деген теңеуге сай болып  шығар едім. Бұл бір жағы. Ал, екінші жағы,  кез келген бала-іні, аға-әке қызын, қарындасын, анасын, әжесін қоғамның шектен шыққан қаралауынан сөзбен яки іспен қорғауға, ара түсуге (иә, тіпті «мәдениетсіз топастар» деуге) құқы бар деп санаймын. Әр нәрседе шектен шықпау керек шығар немесе «апама жездем сай». Ренжудің жөні жоқ.  «Халыққа тіл тигізді»  деп ұлардай шулау да орынсыз. Тұтас халық компьютердің алдында отырып, Роза Рымбаеваны кекетіп-мұқатқан жоқ қой. Ендеше, «топас» сөзі де тұтас халыққа арналмады деп ойлаймын. Айтпақшы, Әлидің шығармашылығы да менің талғамыма томпақ.  Оқуды жалғастыру