ЦИРК


Бір мақтанарлығы, елімізде цирк өнері жақсы дамыған. Республикалық маңызы бар қалаларды айтпағанда, шағын елді-мекендердің өзі жан-жануарға жұмыс тауып беруден өңірде озат келеді. Сондай-ақ, біздегі цирк ұжымдары да саяси белсенді. Неге екені белгісіз, орталықта көтерілген қандай да бір бастама алдымен осылардың талайына бірден түседі. Әдетте ақ-қарасы, пайда-зияны да соншалықты талқыланып жатпайды. Орталық айтты ма, бітті. Цирктің мақсаты – тапсырманы орындау. 

Сонау екі мың да жиырма пәленшесінші жылы біздің ардақты Отанымызда жаңа заманның лебі есті. Жаңа облыс орталықтары ашылып, ел азаматтарының ертеңге деген үміті қайта тұтанған. Түрлі мәдени-спорттық ғимараттарға аузы шүртиген жастарды жинап алып, «Жаңа Қазақстан» деп ұрандатып жатқан сондай бір ғажайып кезең орнады. Бәзбіреулер «Екінші республика» деген бастама көтерді. 

Ныспысы күн сәулесінен басталатын партия, көше, сұлулық салондары мен базар, пәле-батырдың атаулары өзгере бастады. Әкімдіктегі шағын кәсіпке қатысты, нақтырақ айтсақ, дүкен-пүкендердің маңдайшасын қадағалайтын бөлімнің басшысы Жігерленнің сіңбіруге уақыты жоқ. Дәурені жүріп тұр. Бірнеше күннен бері бұның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Міне, дәл қазір қалалық цирктің директоры Малбағаровтың өзі алдында отыр. Әшейінде ханға сәлем бермейтін сабазың күні үшін күн жеп, бүгежектеп қапты.

– Қарағым, үйдегі жеңгеңнің айналдырып отырған шағын  дүкені бар еді. Соның атауын өзгертсек деп шештік. Қандай ұсынысың бар? – деді ол маңдайының терін сүртіп.  

– Алдымен әділет, сосын салық демартаментіне бармайсыз ба! Солардың мақұлы керек. Менің жұмысым сіздерге атау тауып беру емес. Дайын құжатпен келіңіз, – деді Жігерлен өзіне мөлие қарап отырған цирк директорына өктемдеу сөйлеп, – Ескі атауы да жаман емес қой, «Нұрсәуле» азық түлік дүкені». Несі жаман?

– Айналайын-ау, «Жаңа Қазақстан» құрып жатырмыз. Ендігәрі мұндай атау жарамайды. Бірдеңе қылып өтімдісін ұсын. Сосын мені ары-бері сандалтпай өзің құжатпен бекіт. Біздің циркке бір жыл тегін билет берем. Өзің білесің, ренжітпеймін…

Ары қарай

Ускользающая красота


photo_273560Однажды меня пригласили в члены жюри студенческого кинофестиваля. Я согласился. Были две причины. Первое,  меня до этого никто в членах жюри не приглашал. Второе, в этот период мне самому хотелось почувствовать себя важным человеком. Поскольку только что законченный мной фильм настолько не понравилься самому, что мне хотелось глоток воздуха, хотелось быстрее забыть об этом кошмаре. Эти две причины были достаточно чтобы без всяких стеснений называться членом жюри международного студенческого кинофестиваля. Я специально надел смокинг и заранее готовился сделать вид из категорий: «если я тут, значить я кто то. Так что не смотрите так». Я уж знаю этих любопытных людей. Они и при первой же возможности могут приставать с вопросом,  «а вы кто?». А я кто? Я – член жюри! Вот так вот. Кстати, почему организоторы выбрали именно меня, расскажу потом.

Приехал гость из Италий, член Европейской киноакадемий Әрі қарай оқу Ускользающая красота

Жақсы кино: «Пижама киген бала»


10445Бумеранг деген құрылғы бар. Лақтырасың, біршама биіктікке ұшып барып, қайта айналып соғады.  Неғұрлым қатты күшпен лақтырсаң, соғұрлым қатты күшпен қайта оралады.  Адамдар жасайтын жақсылық та, жамандық та сол секілді.  Айналып соғады, міндетті түрде айналып соғады… 

Марк Херманның «Пижама киген баласы» Джон Бойлдың кітабы  желісінде түсірілген. Бұл –  сегіз жасар Бруноның хикаясы. Оның әкесі нацистік Германияның белді офицері.  Демек, жұмыс бабымен жиі  қоныс аударатын отбасы деген сөз.  Бірақ осы жолғы жаңа қоныс Бруноға  біртүрлі көрінді.  Үй орманның арасында. Дос жоқ, көрші жоқ. Дуалы биік. Оны күзетіп тұратын әскерилердің де түрі суық.  Ең қызығы, бұл үйден әудем жерде ұзын мұнара көрініп тұратын. Сол мұнарадан ауық-ауық қара түтін шығады.  Иісі біртүрлі күлімсі, жанға жайсыз еді.  Бруноның «бұл не» деген сұрағына ешкім жарытып жауап та бермеген. Бала қарап тұрсын ба. Әке-шешесінің тиымына құлақ аспай, Әрі қарай оқу Жақсы кино: «Пижама киген бала»

Деген екен…


Өзімді айналамды қыран-топан күлкіге батырып жүретін әзілкеш санай алмаймын. Белгілі бір саясаттанушы ағамыз секілді «6000 анекдотты жатқа білемін» деп те мақтана алмаймын. Тіпті кейде әзіл көтере алмай жатамын. Сондықтан, бұл турдың тапсырмасы маған ауыр келді десем, жеңіл құтылғаным болар еді. Ары да бері ойланып жатып, ел алдында жүрген тұлғалардың өзара әзіл-қалжыңдары туралы жазғым келді. Тек естігенімді ғана. Бұрын басқа жерде жарияланбаған деп үміттенемін.

Көпен Әмірбек ағаммен кездесе қалсам, әңгіме сұрап мазасын аламын. Бірде Мәдина Ералиева марқұм «Шкода» көлігін сатып алады. Бұл тоқсаныншы жылдардың ортасы болатын. Ол кезде мұндай көлік сатып алу – екінің бірінң қолынан келе бермейді екен. Қара жаяу Көпен Мәдинаны көрсе, жата жабысатын көрінеді. «Мадинаш-ей, ала кетші». «Мадинаш-ей, үйге апарып тасташы» деп. Сөйтіп жүргенде, бір күні Көпен ағаның келіншегі аздап қызғана бастағандай ма, біртүрлі мінездер шығарыпты. Сөйтсе, ауладағы іші пысқан келіншектер «Көпен пен Мәдинаның арасында бірдеңе бар» деп өсек таратып жіберген екен. Көпен болған жайды Мәдинаға айтыпты. Сосын Мәдина апамыз «Онда отырыңыз, қазір сол аулаға барып, істің басын ашып алайық» депті. Әдеттегідей, Көпен көкем мен Мәдина апам мінген «шкода» келеді. Ауладаға келіншектер өтірік байқамағансып, көзінің қырымен бұл екеуін бағып отыр. Арасында Көпен ағамыздың да келіншегі бар екен.

Марқұм Мәдина Көпен ағаны көліктен түсіріп жатып, «ей, қатындар, мына байларыңа ие болыңдар. Бәле болды түге,соңымнан қалмайды» деп «лақтырып» кетіпті. «Мадинаш мені косякқа әдемі тығып кетті. Әйелім әлі сенбейді» деп күлді Көпен аға.

Көпен ағамнан бір анекдот: - Ей, түйеқұс, сен түйесің бе, құссың ба,- деп сұрапты.
- Мен түйемін,- депті ол.
-Мә, онда жүкті көтер,- десе,

– Жоқ мен құспын, – депті анау.

- Ендеше ұшпайсың ба? - десе,
- Жоқ, мен түйемін, - деген екен түйеқұс басын құмға тығып.

(білмеймін, осы анекдотты өзі айтса, мен шегім қатып күлемін 🙂 )

Бірде Жүрсекең (Жүрсін Ерман) батыс аймаққа айтыс өткізуге барыпты. Ауыл адамдары қалбалақтап қарсы алып, жерге түсірмей жүріпті. Кешкісін сол ауылдағы беделді бір үйі қонақасына шақырыпты. Үйдің иесі «Жүрсеке, ет асайын ба, әлде қуырдақ жейсіз бе?» деп дархандық танытып жатса, «сендердің үйде бір ғана қазан ба еді?» деп әдемі астарлаған көрінеді 🙂

Мына бір жайтты Бекболат Тілеухан ағам айтып беріп еді. Бірде Шымкент жақтағы бір ауылда Қазақстанның бетке ұстар өнер қайраткерлері үлкен бір шарада бас қосып қалыпты. Арасында композитор Қуат Шілдебаев та бар көрінеді. Ауыл әкімі қаға берісте Қуат ағамды сол өңірдегі 98 жасар ең қарт ананың қасына апарып, «апа, мына жігіт КСРО композиторлар Одағының мүшесі, «Отырардың күйреуі» деген киноға музыка жазған, небір әндердің авторы Қуат Шілдебаев деген балаңыз осы» десе, қартайып қалған ана атақты композиторға мүсіркей қарап, «иии, қайтсін-ай бейшара, қайтсін енді» дейтін көрінеді. 🙂

Мен араласатын аға буын өкілдерінің ішінде ең қалжыңбасы әрі қағытпа сөзге шебері Бауыржан Ибрагимов ағамыз. Ол кісі өз шашына қарамай мені дудар бас деп қағытады. Мен де құр қалмай, «өзіңізге қарап алмайсыз ба» десем, «менің басым киіз бас, ал сенікі дудар бас, соны да білмейді-ей мынау» деп тұқыртып жатады. Сол Баукең айтып берген мына оқиғаны жеткізейін.

Асқар Сүлейменовтың кербез, әрі тік мінезді болғанын оқырман біледі ғой. Ол кісінің темекісінің күлін сол иығынан асыра тастайтын әдеті бар екен. Басында шляпасы, үстінде плащы бар интелегент ағам үнемі қоғамдың тәртіпке қарсы бір қылық танытып жүреді екен. Бірде сол кісі жолдың жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын тұсынан өтіп бара жатса, МАИ қызметкері тоқтатыпты. « Жолдас Сүлейменов, ереже бұзғаныңыз үшін 5 сом айыппұл төлейсіз» деп протоколын шығарып жатса, Асекең «мә, 10 сом» депті. МАИ қызметкері «жоқ, сіз ережені бір рет бұздыңыз, демек, 5 сом ғана төлейсіз» десе, «әй, мен қазір қайтадан осы жолмен кері қайтам, сразу ала сал» деген екен.

Жиырма


264988_393957677348557_2028394229_nсурет мына жерден алынды

Грозный қаласының тұрғыны Мұса Дадаевтың қайырымдылығына куә бұл фотоны осыдан  екі жыл бұрын көргенде «онда тұрған не бар, кереметтей жақсылық емес» деп ойлағам. Өйтуіме екі себеп бар еді:

  1. Қаскелеңде тап осындай қайырымдылық жасап жүретін жандарды бала кезімнен жиі кездестіретінмін. Олардың басында тақия, иегінде сақалы болмаған шығар… Бірақ, таңғы төртте сонау Қаскелеңнен Алматыдағы әуежайға бір көрген жандарды еш қиналмастан тасып жүретін досым Алмас, красавчик Дэнни (центрдегі «Сони плэйстейшнді» жұма сайын тегін ойнататын Данияр) немесе түрік Мурад та жол-жөнекей адамдарды тегін алып кетуші еді. Сондықтан, бұл садақа мен үшін аса таңырқайтын қайырымдылықтың қатарына кірмейтін.
  2. Әлем сәт сайын өзгеруде екен. Себебі, ол кезде (мейлі екі жыл бұрын болса да) адамдар сәл-сәл мейірімділеу ме еді? 🙂 Иә, ол кезде де түрлі-түсті төңкерістер болған, адам адамды өлтіріп жатқан. Қанап жатқан. Жала жабу, бопсалау, ұрлық-қарлық, жек көру, аңдысу… адам жаратылғалы бері жүріп жатқан еді. Бірақ ол кезде кездейсоқ жаннан 1000 теңгені майдалау ары кетсе 5 минут немесе 5-ші адамнан кейін-ақ іске асатын. Жалпы, аяқ астынан тегін жақсылық жасайтын немесе жай ғана адамгершілік (лифтіге үлгермей жатсаң, «стопты» басып күтіп тұратын секілді) істерді бүгінгідей сирек кездестірмейтінмін.

Мүмкін, сол мәрт мінезіміздің кеміп, болмысымыздың жасық тартқаны ма, садақаның мазмұны шашына қасы жалғасып жүретін лөлидің жүгермегіне жұмада ұстатар 50 теңгелікпен астасып қалды. Бұдан садақаның маңызын кемітпесек, арттыра алмадық. Тырыспадық та дейінші, өзіме тисе де… Ал, негізі қандай еді? Садақаның ауқымы 50 теңгеден әлдеқайда кең екен (зекет пен пітірді қоспай-ақ қойдым). Төменге өзім білетін садақаның бірнеше мысалын беріп көрейін.

1. «Made in China» деген бір жапырақ қағазын көрмегенсіп, былтыр Италияның «Salvatini» брэнді деп сатып алған костьюміңіз сәл көнеріп қалды делік. Болмаса, тағы да сол өзіңізге  ұнайтын «Кензо» әтірі құтының бел ортасына келіп қалыпты. Енді осыны неге табымы аз досыңызға, танысыңызға, көршіңізге, бауырыңызға сыйлай салмасқа. Қуанып қалсын. «Өздеріңнің ең жақсы көретін дүниелеріңнен сый жасаңдар» дейтін сөз бар екен. Шкаф-гардеробыңызды ашып көріңізші, ары кетсе жаңа деген 1-2 көйлегіңізді ғана күнара киесіз. Ал, қалған 5-6 жейдеңіз көбелектерді күтіп босқа тұр ғой.
12. Сіздің жақсы бір досыңыз білместікпен несие алып қойып, оның ай сайынғы өтемақысын таба алмай шырылдап жүр делік. Соның несиесін жабуға қарыз беріңіз де, оны кейін кешіре салыңыз. Сұрамаңыз. Берсе, алмаңыз. Одан да анау пәлекеттен құтыл деп банкке жол сілтеңіз. Керемет емес пе?

23.  Егер үйіңіз кеңдеу болса, өз отбасыңыздың қажетінен артылып тұрса,  жай таппай, жадап жүрген досыңызға, танысыңызға ұсынсаңыз болады. Мейлі, тегін болмасын-ақ. Бірақ нарықтан төмен бағамен. (Мысалы менің танысым Қаскелеңдегі үйінің бір бөлігін өз құрбысына пәтерге беріп отыр. Нарықтан біршама төмен.) 34.  Ардагер көршіңіз бар ма? Отырса тұра алмайтын, тұрса отыра алмайтын қартайған алыс туысыңыз бар ма? Міне, тамаша! Үйін жинап беріңіз, тамағын дайындаңыз, гүліне су құйыңыз. Тіпті бар ғой,жылына бір-екі мәрте коммуналды қызметін төлеп берсеңіз де қант-шайдан артылмайтын зейнетақысына біршама сеп болар еді. Өзіңіз де бір жасап қаласыз.
Әрі қарай оқу Жиырма

Сіз ешқашан бұлай істеп жүрмеңіз!


Мен, Жандос Құсайын, осы жазбаны бабы келіскен көк шәй ішіп отырғандай сезімде әрі көтеріңкі көңіл-күйде рахаттанып отырып жаздым.

Ескерту: бұл материалдағы кеңестер мен тәжірбиелер интернет кеңістігінде жазу стилін енді-енді қалыптастырып келе жатқан, яғни, мамандығы журналист емес замандастарға арналады. Тап осы жерден кәсібилік пен халықаралық адам құқықтарына сай мораль іздеген адамға арнайы киллер жалдайтынымды қуана хабарлаймын.

Егер мені осыдан үш жыл бұрын көшеден біреу ұстап алып, «Қазақстандағы интернет журналистика туралы айтшы» десе, «тіптен хабарым жоқ» деп ойланбастан айтар едім. 2011 жылы блогерліктің есігін сығалап жүргенде, мені екі сөздің басын құрап, бірдеңе жаза қояды деп ешкім ойламаса керек-ті.

Студент шақта «Қазақ әдебиетінің» Еркін Жаппасұлы басқаратын «Қалжың қалтасына» бірді-екілі шимай беріп тұрғаным болмаса, қолыма пернетақта алып, ынта-шынтамен жазуды хал-хадерімше меңгере бастағаным – осы жаңа медианың кеңінен насихатталып, интернет трафиктің бағасы да қалта көтерерліктей болған тұсы шығар. Блогтұғырлар мен түрлі сайттар берген мүмкіндік қазір қолының ебі бар, ерінбеген жанды блогер-журналист қылып қалыптастырып жатыр емес пе?

Журналист демекші, осы мамандықты 4 жыл оқыған, табақтай дипломы бар «легалды жүрекеңдерге» қарап, кейде ұяласың. Бірақ амал не, «тапқан – тапқандікі, ешкі – баққандікі». Істің көзін (шамасы, жазудың кілтін) таптың – білдей бір сайтта жазбагерсің. Анда-санда той-жиындарда сөз бергенде «пәлен деген сайттың журналисі, түген деген мақала жазған» деп таныстырып жатса, ұялмай-қызармай, мұртыңнан (сақалыңнан) күліп, елге ақыл айтып тұрғаның. Бұл бұл ма, қазір білдей бір республикалық газеттердің веб-нұсқасында да классикалық журналистиканың өкілдеріне орын қалмаған секілді. Мынау соның айқын бір мысалы:

 BulSTCBCEAA6Eb-_002BulSXfrCMAE734V

Бірақ, Қазіргі «Егемен» кешегі «Ұшқын» емес. Мына хабарландыру да газет бетіне шыққан жоқ. Ендеше, бұл – сайт. «Тейк ит изи» 🙂. Бірақ сіз ешқашан бұлай істеп жүрмеңіз!

БезымянныйДегенмен, жазу өнерінде»бұғанасы беки қоймаған» мен үшін қазірдің өзінде «жаңа медиа», «конвергентті журналистика» немесе «интернет журналистика» туралы Асхат Еркімбайдан асып бірдеңе дей қою – «нахалдықтың» шыңы секілді. Сондықтан «интернет-журналистика» туралы жалпы түсінікті толғаудан аулақпын. Тек хоббиім болған «Жақсы» ұлттық порталындағы өз тәжірибем мен материал дайындау барысындағы ерекшеліктерді тілге тиек етіп көрсем деймін.

«Жиендік жасау»

жиендик2011 жылы «Жақсы» ұлттық порталын бір топ энтузиастар, атап айтар болсам, мен, Ләпен, КөпенТөкен және Өркен бастап ашқанда, басты мақсатымыз – тек жақсылыққа шақыратын көпәріп теріп, қоғамға мысқалдай болса да әсер ету болған. Білем, пафос, бірақ расы сол еді. Үш жыл қатарынан тағынан таймай отырған диктат… жоқ, редактор-үйлестірушіміз Өркен Кенжебектің қашанғы бір талабы: «Маған идеал керек емес, маған материал керек» болатын. Иә, сіз бұл қанатты сөздің сәл бұрмаланған түрде қайдан ұрланғанын біліп отырсыз. Интернет журналистиканың дәстүрлі журналистикадан айырмашылығы – ұрлықты анайы әрі ашық істейтіндігімен ерекшеленетін секілді. Дәстүрлі жүрекеңдер бұл «өнерден» бұрыннан кенде емес қой, бірақ еркін кеңістікке келгелі осы қыры түрленіп кеткенін мойындауымыз керек. Өз басым «журналист» деген мамандықтың иесі болмасам да, олардан қалмай әлі де сөз, факт, мысал ұрлаймын. Мен бұл турасында әсте мақтанудан аулақпын, бірақ бұл – факт. Әрі-беріден соң, интернет журналистиканың ең бір опасыз тұсы осы деп санаймын. Қазір гуглдеттіңіз, ақпараттар лек-легімен алдыңызда тұр. Мәселе оның рас-өтірігінде емес, мәселе – тапқаныңызда. Енді соның өңін айналдырып, бояуын қалыңдатып немесе жұқартып, өзіңіздің стильге салып, жазып шығасыз. Мысалы, 2012 жылдың 8 мамырында шыққан оқушыларға жыныстық тәрбие туралы сабақ беруді ұсынған Айткүл Самақова апайыма қынжыла отырып жазған критикалық «Кімге керек көтентану?» деген мақаламда мынандай жолдар бар.

«Американың жыныстық өмірі туралы айтып жату артық шығар. Мысалы, 2008 жылғы зерттеудің нәтижесі бұл елде 1,21 млн жасанды түсік жасалғанын көрсетеді. Ал, жыл сайынғы орта есеп – 1 млн-нан асып жығылады».

Бұл «фактіні» мұхит асып барып, арнайы зерттеу жасап таппағыным екібастан белгілі. Ендеше, бұл не қылған зерттеу? Нендей орталық жасапты оны? Сол баяғы, гуглдеттім, кезікті, қақшыдым. Гәп – осындай фактілердің қайнар көзіне ең болмаса гиперсілтеме беруде. Бәлкім, бұл мақала газетке басылар болса, дереккөздерді мақаланың соңына жазарсыз,онда да ұятыңыз болса. Бірақ интернет журналистикада «гиперсілтеме» деген тегін «рахмет» тұр ғой. Бірақ мен көп жағдайда шетелдік сайттардан («көрсетпей сұрап») алынған фактілерге «жиендік жасайтын» әдеттен арыла алмай-ақ қойдым. Ерінем бе, «кім біліп жатырға» саламын ба… Әлбетте, сіз ешқашан өйтіп жүрмеңізші…

Жүйрік жазба

жуйрик жазбаӘлгі Өркеннің тағы бір қатып қалған қағидасы: Әрі қарай оқу Сіз ешқашан бұлай істеп жүрмеңіз!

Кадр сыртындағы 5 фактор


10 күннен бері ат желдіртіп, ел танып жүрміз. Кино түсірмек болған талабымыз әзірге таусыла қоймаса да, кейбір кедергілер әлден жүйкені жұқарта бастады. Телеарнада натуралық түсірілімге аса бас ауыртып жатпаймыз ғой. Бас-аяғы он шақты адамды «Қосшы» мен «Талапкердің» айналасында ары бір, бері бір жүргізіп түсіре саласыз да, жамап-жасқап эфирге сырғыта саласыз. Ал, киноның өзіндік талабы жетерлік екен. Мысалы, натура мәселесі. Егер кино желісі ауылда өрбитін болса, онда натура да барынша «ауыл» түсінігіне сай болғаны дұрыс. Аймақтың ерекшелігі де ескерілуі керек. Бұл бір ғана мысал. Жалпы кино-клип-ролик түсірілімі бірнеше дайындық этаптарынан тұрады. Біршама таңдаулар мен салыстыруларды бастан өткеріп, тер төгесіз. Мен осы саладағы 5 фактор туралы білгеніммен бөлісемін.

1

  1. 1. Натура. атура (НАТ) – кино-клиптегі оқиға өрбитін сыртқы көрініс.  Айтпақшы, осы түсінікпен қатар жүретін  интерьер  (ИНТ) – оқиға өрбитін ішкі мекен. Мысалы, пәтердің іші, мәдениет үйінің дәлізі секілді)

Әгәрәки, кино бәйге туралы болса, әлбетте Павлодар мен Петропавлдан гөрі, Шымкент пен Тараз ойыңызға бірінші оралады. Кәнігі шабандоздар мен жарауы асқан желкен торыларды табу оңайырақ дегендей.

2

Салыстырмалы түрде қазақы калорит, алма-бақ, ескілік, ағашы сырланған шарбақ, қорасында шөмеле шөп секілді ауылға «ауылдық сипат» беретін дүниелер де оңтүстікке тән десем ешкім таласа қоймас. Бірақ  10 күндік натура іздеу экспедиция аясында біздің жоспарға (уақыт тапшылығына байланысты) оңтүстік өңірге бару кірмеді де, тек Алматының айналасын «тінтуімізге» тура келді.  Түйгеніміз, қазір ауыл табиғи калоритінен айырылып бара жатқан секілді. Ұзынағаш пен Есіктің төңірегі, Бақанас жақ, Талдықорғанның маңы бара-бара қалашыққа айналып кете ме, қайтеді? Кірпіштен қаланып соғылған қоршаулар мен жалтыраған жаңа шатырдан көз шағылысады. Шөмеле шөп түгілі қор-қопсысы да көзге аса көріне бермеді. Қозы-лақпен ойнайтын бала кездестірмедік. Бірен-саран болмаса, қазақ ауылдарының дені төрт түліктен жеріп кеткен секілді. Шығатын түйін: нағыз қазақы ауыл түсінігі өзгерген. Қала мен ауылдың шекарасы тарыла бергені жүдә жақсы болса керек-ті. Бірақ менің ішкі талғамым бала кездегі ауылды аңсайды да тұрады. Дегенмен айналасы 20 шақты ғана ауылды аралап, күллі республикаға бір сипат беруден аулақпын. Бәлкім,  әлі іздегенімді таппаған шығармын. Әрине, мен үшін Алматыдан гөрі  Тараздың да айналасы жарар еді, бірақ бояуы қанық, тауы да биік Алматы немесе Көкшетауға аңсарым ауды да кетті. Көкшетау демекші, ондағы Оқжетпес те кадр сүйгіш табиғи туынды. Бірақ оның мінездемесі камера ұстаған қауымға Астанадағы Бәйтерек секілді: суретке түсуден ары аспайтын обьект. Натура мәселесін көбіне кино операторлар нақты сезеді. Еркін Айбасов есімді кино оператордың айтуынша бұл жерде ауаның ылғалдығы немесе күннің түсуі траекториясы да ескеріледі екен. Егер сіз байқасаңыз, әсіресе мұхит-теңіздің жағасында түсірілген видеоматериалдың кадры тұнықтығымен ерекшеленеді. Менің түсінгенім – бұл жерлерде ауа ылғалдылығы жоғары, сәйкесінше күннің сәулесі де біршама сынады. Сосын аракідік жел соғып түратын, яғни ауаны тазартып тұратын мекендерде де кадрдың бояуы қанық болуына себі тиеді. Астана мен Алматының өзін салыстырып қараңыз. Әсіресе қыс мезгілінде.  Алматыда түскен суретіңіз бен Астанадағы портретіңізді салыстыра отырып, байқасаңыз екеуі екі түрлі бояу, температура және диафрагма береді. Демек, ауадағы ұсақ молекулалардың өзі кадрдің бояуына әсер етеді деген сөз. Бұл әлбетте қырағы кәсібилер ғана байқайтын ерекшеліктер.      

Бәйге туралы киноға натура – Алматы облысы немесе Көкшетау.

2. Актер. 4

Басқаны қайдам, бірақ мен актерлерді өңірлерден алғанды ұнатамын. (Бұған дейін қырғын кино түсірген адамша сөйледім-ау). Қаршадайымнан түрлі телевизиялық роликтер мен мерекелік концерттер, мюзиклдар түсірген жалмақай ретінде айтайын, Алматы қаласының актерлері бәрібір «жұлдыз» ауруын жұқтырған. Себебі, бұл қала өнер ошағы. Азды-көпті қазақтың кино индустриясы да осы қалада болғандықтан, олардың кей-кейде кергитін де жөні бар. Айтпақшы, бұл мінез соңғы кездері астаналық гамлеттерге де жұға бастапты. Әрине, әртіс адам үнемі халық назарында болғандықтан басын көтере ұстағаны дұрыс шығар, бірақ ол тәкаппарлыққа айналмаса болды. Салыстырмалы түрде Талдықорған мен қостанайлық әртістер өте қарапайым. Өйткені, олар танымалдыққа «шөлдеп» отыр. Кейбірі кино, ролик, клиптерге тегін түсуге дайын. Факт керек пе? Мысалы, қостанайлық Сәулехан дейтін актер бар. Өз сөзі: «Жандос мырза, әбден танылғанымша отқа да, суға да салыңыз.1 жыл тегін қызмет етуге әзірмін». Айта кетейін, бұл кісі айына 5-6 тойға баратын, сол өңірге біршама танымал жан. Талдықорғандағы актер Мерей: «Жандос, өнер үшін бәріне әзірмін. Тегін!».  Енді шымқалалық актерлердің орта гонорарын айта кетейін. Фильмнің (ролик, клип) тапсырыс берушісі мемлекет болса, күндік гонорар 100$-200$. (Өйткені, мемлекет киноға қырғын ақша береді деген стереотип қалыптасып қалған). Мысалы, Шымкентік әнші-актер Толыбай «егер толық метр кино болатын болса, екі тойдың ақшасын берсең, кімді болса да ойнап береміз ғой» деп жымияды үнемі. Егер тапсырыс беруші тәуелсіз студия болса, күндік жалақы 5000 тг -10 000 теңгенің аралығына дейін құлдырайды.  Бірақ өз басым Шымқаладан тегін актер кезіктірмедім. Бұл жаман деген сөз емес. Меніңше, кез-келген қызмет еңбегіне сай уақтылы және ризашылықпен төленуі керек. Бірақ шектен шыға «заряжать» ету де біртүрлі секілді ме? Ескерте кетейін, бүгін қарапайым актер жан, ертең миллиондардың сүйіспеншілігіне бөленіп кетіп жатса, одан бұрынғы қарым-қатынасты күтпеңіз. Кешіре біліңіз.

Өз басым Қостанай, Семей және Талдықорғанның актерлерімен жұмыс істегенді ұнатамын. Қарапайым және жауарпкершілікті бірінші қояды. 

Әрі қарай оқу Кадр сыртындағы 5 фактор

Асқар


Шиеліге жол түсті. Блогиаданы тапсырмасын орындамаққа жолға шықтым. Кейіпкерім Асқар Базарбай сіздерге жақсы таныс. Дегенмен, кейбір жайттарды өз аузынан естіп, визуалды түрде мимикасын байқап дегендей. Жазбаға шебер жігіттің сөзге шешендігін де байқап көргім келді.  Қысқасы, осы тапсырма неге екені белгісіз, видеосұқбатқа сұранып тұрғандай көрінді. Сонымен, төмендегі видеоматериалға назар аударыңыз.

Рейтинг


Сүзгісіз сөздің көпшілікке сүрінбей жететін жері әлеуметтік желі болған соң, бұл жерде кім не демей жатыр. Оны қойшы, мінезі қыздай адамға төтеннен айбарлы бахадүр кейіп беретін бұл бәленің не сиқыры бар деймін де. Түрлі провакациялар, түрлі мінездер, тіпті әкім-қара деп танымай «бетке айту» үрдісі әзірге тек осы алаңда жүріп жатыр. Қуану, құттықтау, ғашық болу, ызалану, жек көру, ренжу, қызғану, қарғыс айту секілді адами эмоциялардың қайнар көзі де осы ӘЖ. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында тұратын, «Мой мирдегі» досы 111-ге жетіп жығылған курстасым Нұржан-жикичаннан бастап, Америка Құрама Штаты, Вашингтон қаласы, Ақ Үй резиденциясында әлемге ақ тісін көрсете күліп отырған, follower саны 44,1 млн-нан асатын Барак Обамаға дейінгі аралықта пікір бостандығы мен таңдау еркіндігінің абсолюттік жандануы тап осында. Қаласаң «ұнатасың», қаламасаң жамандап кетесің. Ешкім бетіңнен қақпайды. Сондай-ақ, Ербол Серікбай айтып жүретін «пышақ» түсінігі бұл: «нан да турауға болады, қолды да кесуге болады» .   

нуржан мен обама

Дегенмен, мен бүгін «пышақтың» жүзін басында қызды-қыздымен туиттерге тіркеліп, кейін жым-жылас болған бірқатар мемлекеттік шенеуніктерге бұрғым келіп отыр.  Тот басқан аккаунттарды адақтаймын. Соңғы рет қашан және қай тілде, не жазды деген сұрақ негізінде рейтинг түземін.  Алдымен мына бір ойымды сүйкей салғым келіп тұр:

Апта басынан бері ФБ лентамды бақылап отырып түсінгенім, қолданушылардың дені әлеуметтік проблемалардан гөрі қандай да бір жекелеген адамның саяси-шығармашылық-пендеуи  жақтарын сөз етеді екен. Иә, талқыламайды, сөз етеді. Осы төңіректе көгеріп, көкбеттеніп отырады.  Бұл «әлеумет» сөзінің мағынасына сия ма, жоқ па, әлде жай ғана өсек-аяң дейтін қасиет пе? Сіздің жауап қандай боларын білмеймін,  ал менің жауабым айқын: қандай да бір адамды шибөріше жабыла талауды  «қоғамдық сананың қалыптасуы» немесе «халық» ұғымының кемелденуі  деп санамаймын. Бұл керісінше, нәзік жандылар легалдандырып алған «өсек-аяң» дейтін құбылысқа соқталдай-соқталдай жігіттердің  ауыз сала бастауы деп ұғам.  Мысалы, соңғы Әли Оқаповпен болған шуды алып қарайық. Жеке басыма Роза Рымбаева түскен «Беш» клипі ұнамады. Меніңше, бұл шығармашылық тоқырау, бәлкім шығармашылық сәтсіздік. Әйтеуір талғамыма сай емес дүние. Бірақ бұл «жаза басу» қазақ өнеріне еңбегі сіңген адамды келеке етуге, оның статусына сай емес кемсітпе пікір жазуыма себеп болмаса керек-ті. Сынау құпталады, сыңарезулену –  жақсы емес. Әгәрәки, олай бола қалса, «топассың» деген теңеуге сай болып  шығар едім. Бұл бір жағы. Ал, екінші жағы,  кез келген бала-іні, аға-әке қызын, қарындасын, анасын, әжесін қоғамның шектен шыққан қаралауынан сөзбен яки іспен қорғауға, ара түсуге (иә, тіпті «мәдениетсіз топастар» деуге) құқы бар деп санаймын. Әр нәрседе шектен шықпау керек шығар немесе «апама жездем сай». Ренжудің жөні жоқ.  «Халыққа тіл тигізді»  деп ұлардай шулау да орынсыз. Тұтас халық компьютердің алдында отырып, Роза Рымбаеваны кекетіп-мұқатқан жоқ қой. Ендеше, «топас» сөзі де тұтас халыққа арналмады деп ойлаймын. Айтпақшы, Әлидің шығармашылығы да менің талғамыма томпақ.  Әрі қарай оқу Рейтинг

Мақсат


IMG_8578

Менің алғашқы видео сұқбатымның кейіпкері Мақсат Оспанов. Былайғы жұрт біле бермейтін, әдемі журналдардың мұқабасына түсе бермейтін, көп сұқбат бере бермейтін атақсыз сайыпқыран. Ал, кино саласы әсіресе клипмейкерлер арасында өзіндік орны бар бұл жігітпен мен 2007 жылы танысқам. Мен қазір де жұмыс істейтін Х атты мемлекеттік арнаның табалдырығын алғаш аттаған кезім еді. Серік аға Абас Шах қолымнан жетелеп әкеп осы Мақсат пен Жандосқа (Еспенбет) табыстаған болатын. «Мынау адам болғысы келеді, ие болыңдар». Содан бері Мақсат пен Жандос менің телевизия саласындағы «старшактарым». Аттасым Жандос жайлы бәлкім кейінірек тағы бір тоқталармын, бүгінгі гәп Мақсаттың шығармашылығы және жалпы кино төңірегінде болмақ. Бұл материалды сұқбат деп атағанмен, ол жанрға аса келе бермейтін шығар. Бұл бәлкім жай ғана екі қияли достың әңгімесі, өзара сыр алмасуы болуы керек. Өйткені алдын ала сұрақ дайындап, бипаздап, тамақты кернеген түгім жоқ. Тақырып кино туралы ма, ендеше осы турасында Мақсатпен әңгімелескім келді. Болды. Айтпақшы, бүгінде бұл жігіттің Шымкенттік жас орындаушылар арасында қаны жерге тамбай тұр. Өзі Асан Пердешовтың сүйікті режиссері. Тойдан табыс азаятын қыc мезгілінде Жазира мен Жанболат немесе Еркін Нұржанов секілді эстрада жұлдыздарына арзан бағаға клип түсіріп беретін ақкөңіл жан. Мақсаттың ең алғашқы киносы «Ауылға бір қыз келді» деп аталады. Студенттік энтузиазммен түсірілген бұл «хандикам мувиға» Әрі қарай оқу Мақсат

ХҚКО: даму мен бюрократия


ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталығы) жиі баратын адамның бірімін. Маған көп нәрсе ұнамайды.  Әупірімдеп кезегім келгенде мәліметтер базасының «қатып» қалатыны немесе сағат тілі 13:00 соғып,  түскі ас уақыты кеп қалатыны, бір ксерокөшірме үшін 50 адамдық кезекті қайтадан басынан бастайтыным, т.б осындай дүниелер шеке тамырларымның адыраюына себеп.  2 сағат жер қазуға бармын, бірақ 2 сағат ХҚКО дәлізінде кезек күтіп отыра алмаймын. Күні бойы бала бағуға кетәрі емеспін, бірақ күні бойы «Қолжетімді баспана-2020-ға» құжат жинауға жүрегім дауаламайды. Өйткені, бала ары кетсе «кіш»  деп қоюы, тағы бір «тосын сыйлар» жасауы мүмкін. Ол қорқынышты емес – су бар. Ал, ХҚКО… О, мұнда тосын сыйлар көп-ақ және оларды оңайлықпен қабылдай бермейсіз. Қатулы қабақтар, дүңк етпе жауаптар, жинап келген құжаттан шығатын кінараттар,  кезектер, тағы да кезектер, база «қатып» қалу, саған қызмет көрсетпекші болған операторға әріптесі келіп 11 минут 28 секунд бойы мылжың сұрақтар қою, сұрағына жауап алу, ақылдасу, консультация… Ох, стресс, стресс, стресс! Бұндай халді басынан өткеретін мен ғана емес.

13

Мына жоғарыдағы скриншотқа Алматы қаласы, Алмалы ауданының ХҚКО туралы  пікірлер алынды.  Мамандардың компьютерлік сауаттылығынан бастап, көлік тұрағының жоқтығына дейінгі келеңсіздіктер көтерілген.  Көбіне азаматтардың көңіліне келетіні, ХҚКО -ғы жұмысшылардың азаматтармен қарым-қатынасы. 

Алайда, мұндай жерлерде өзін суда жүзген балықтай сезінетін адамдар болады. Мысалы, соның бірі менің досым Нұралы. Жеке куәлік,  паспорт, мекен-жай бойынша анықтама,  сотталмағаны туралы анықтама, жеке басында дымбылбайы да жоқ туралы анықтама, тағы басқа өмірге аса қажетті анықтама, қажетсіз анықтама, бәрі-бәрі жайлы ақпаратты Нұралыдан аламын.  Нұралы адам емес, оның өзі анықтама. Бәрін біледі, бәрімен тіл табысады. ХҚКО –дан бірде бір жүйке талшығы күймеген қалпында шығады.

99

Нұралы Әділбек:

– ХҚКО орындарына барғанда бар шаруаны бүгін бітіруім керек деген оймен бармау керек. Бокста соққыны қалай жасайды? Нысана қарсыластың иегі болатын болса, онда соққыны иектен асыра көздеп ұру керек. Сонда соққы ауыр әрі күтпеген нәтиже береді. Құжат жинау да сондай. Бәрін бүгін бітіруім керек деп жоқ жерден принципке салмаңыз. Өйткені, ХҚКО бұл өте құбылмалы жүйе. Кеше аса қажет болған құжат ертең керек болмауы мүмкін немесе керісінше. Мысалы, кезінде «домовая книжка» деген бір нәубет болған. Онсыз мекен жайға тұру немесе басқа да операциялар жасау проблема болатын. Қазір электронды мәліметтер базасы пайда болғалы ол құжаттың аса керегі жоқ. Себебі, мекен-жай бойынша анықтама оның орнын алмастыратын болған. Алайда, бұл анықтаманың өзі де универсал болмай шықты. Мысалы, кейбір азаматтардың мекен-жайға тұрған датасы, орны деген сияқты маңызды бағандар базаға енбей қалған. Менің анамда сондай проблема болып, ал кеп  шабыл. Қайда қалғаны белгісіз «домоваяны» іздеп, ақыры жертөледегі тышқан кемірген ескі киімдердің арасынан тауып, жанымыз қалды.  Мұндай былықтар жиі боп тұрады. Осындай «тосын сыйлар» күтіп алатын болса, онда сіздің ішіңіздегі «бүгін тындырмасам болмайды» деген принципіңіз күл-талқан болуы мүмкін. Сосын сіз ашуланасыз. Жүйкеңіз тозады. Операторды жерден алып, жерге саласыз. Ал, басқалай келсеңіз, онда «е, тағы да күн бар ғой,  мен шаруаны бүгін бітірем деп келген жоқпын» деп өз өзіңізді жұбатасыз.

Екіншіден, сіз жай ғана мекен-жай анықтамасын алуға барсаңыз да, барлық құжаттарыңызды көшірмесімен қоса алып шықсаңыз артықтық етпейді.  Тіпті гараждағы жүрмей қалған ескі волганың да тех.паспорты, көшірмесімен ала салсаңыз да айып емес. Сөмкенің бір бұрышында жатсын, тамақ сұрамайды ғой. РНН, ЦИК қазір керек емес деп жатыр. Сенбеңіз! Қоқысқа тастай көрмеңіз. Үйде жатсын. Ол да су сұрамайды.

Үшіншіден,сол ХҚКО өзінде түрлі сақтану шараларын жасау керек. Қазір кезек талондары деген болады. Соны бір аласыз. Сосын кезек күтіп отырасыз. Алдыңызда 15 адам бар делік. Әр 5 адамнан кейін сіз қайтадан барып кезек талонын алып қойыңыз. Себебі, бір ксерокөшірме жетпей қалып,  кезекті қайтадан алып жатпас үшін, осылай сақтануға болады. Тағы бір сақтық шарасы: белгілі бір мерзімде дайын болуы керек құжаттың талап етілген анықтамаларын өткізіп кеттіңіз делік. Бірақ опертордың телефон нөмірін сұрап алыңыз. Көбіне олар не үшін деп сұрайды. Қыздар жағы қырындап тұр деп ойлауы мүмкін. Жоға, операция барысын тексеріп тұру үшін.  Мысалы, менің бір танысым 6 ай бұрын жеке куәлік мерзімін ұзартқысы келді. Келісілгендей, айдың 15-де барып алуы керек болған. Бірақ алдын ала сақтану  үшін қояр да қоймай оператор қыздың телефон нөмірін сұрап алады.  Белгіленген датадан бір апта бұрын телефон шалса, сіздің 3х4 суретіңізді  таппай отырмын депті. Көрдіңіз бе, сонда ол 15- де құжат алуға барған болса, құр қайтар еді. Қаншама уақыты текке кетер еді. Адами фактор деген болады. Операторлар да қателеседі, түсіріп алады, жоғалтады. Сондықтан, құжат сізге керек, демек, бақылауды да сіз жүргізуіңіз керек.

 Құжат жинаудың «маманы» Нұралының осындай кеңестерінен соң, проблема ХҚКО -мен қатар әр адамның өзінде де болуы мүмкін-ау деген күмән туды.  Жоғарыда көлігі көп, стресі де басымдау Алматыдағы азаматтардың ашу-ызаға толы пікірлерін скриндап бердім ғой. Енді Астана тұрғындарына жасаған сауалнаманың қорытындысын ұсынып отырмын. Айтпақшы, сауалнама онлайн және көшедегі блиц сұрақтар арқылы жүрді. Қазір алдымен тұрғындардың жалпы пікір-ұсыныстарын беріп өтемін. Сосын, суық статисткаға да орын бар.  Сонымен,  Әрі қарай оқу ХҚКО: даму мен бюрократия

Миссия: өзімді тану


 Chapter I

Блогер деген кім? Мен бе? Кейде ішкі ойым айтады, блогер шығарсың, бірақ ешкім санаспайды. Жазатының кәкір-шүкір, білетінің бір адамнан аспайды. Онда да әр шұқырдан теріп-тапқан копи-паст. «Қойшәй!». Мұндай блогер-сымақ сен ғана емес! Дені тағдырласың емес пе дейді тағы бір ой.  Ал, уақыт зымырап жатыр. Қол қалт етсе көретінім мынау

рп

Бірақ бастаған түгім жоқ. Кино түсірмек болып сызған 88-ші сценариден «белім ауырдыға» салып тайқып бердім. Ауру мен әдет. Лузерсің деп табалайды ішкі ойым.

лузер222

Әрине, біз көшеде ел қатарлымыз. Жұмысқа барамыз, келеміз. Жымиып жүруге, кездескен бейтаныс жандарға жылышырай танытуға тырысамыз. Бейне бір сәттіліктің кілтін тапқан, төртеуі түгел жанға ұқсап бағамыз. Біреулері сыртымыздан қарап өздерін бақытсыз сезініп кетуі мүмкін. Рөл. Ойын.

рощшр

Қой, өзгермесем болмас дедім мен мына блогерлер күні қарсаңында. Ақыры өмірдегі орнымды таппай жүр екем, онда басқаға ұқсап көрем. Мен – енді мен емеспін, басқамын. Алдымен Өркенге ұқсағым келді.

Өркен не істейді? Ол лекция оқиды, семинар жүргізеді. Белді сайттарда пікір білдіріп, телеарналарға сұқбат береді. Кәнігі медиатұлға. Ішкені алдында, ішпегені дүкен сөресінде. Ендеше, несі бар? Мен де семинар жүргіздім. Алдымен көнбістеу деген әріптестерімді теріп шақырып, 1 сағат бойы көкмылжың кеңестеріммен көміп көрдім. Әрі қарай оқу Миссия: өзімді тану

Қазақ әнінің төрт құбыласы


Қазақ даласының қай қиырын алмасаңыз да ән қалқып тұр. Басын ашып алайық, әңгіме «Махаббат» пен «Маған сенің к**ң ұнайды» туралы емес. Гәп халық әндері жайында болмақ. Қазақ мәдениетінің бай мұрасы – халық әндері әр өңірге сай өзіндік стилімен, мақамымен, тіпті ән сөзіне қатысты буын санымен де ерекшеленеді.  Әр аймақтың табиғатына сай ән мектебі бар. Алдымен Маңғыстаудағы Сүгірдің жыршылық мектебін алайық. WQN6xmJXeaA

суреттің дереккөзі http://bit.ly/1ooVslF

Ауылға Сүгір келді деп,
Ордасын да талай сайлаған.
Сары самаурын, ақ құман ей,
Кең дастархан жайнаған.
Ағалар енді аман бол!
Келді ме деп жыршылар,
Ботадай көздері жайнаған.
Тал шыбықтай бұралған,
Маржандай тістері құралған,
Мырза қайным келді деп,
Шыға да алмаған құмардан.

Бұл өзі таза вокалды емес,  вокалд-инстурменталды шығарма. Өйткені,  ол аспапсыз айтыла бермейді. Айтар ауызға да, естір құлаққа да   жеңіл Жетісудің «Шилі өзен, қамыс-ай, бізді ойлай жүр таныс-айындай» кең қолтық отырыстарда  көмейді  алыстан созып айта алмайсыз. Дауыс 8 буынды айтып отырғанда, домбыра үстінен 4 буын қосып, үстеме төкпелеп, желдірме текті қағыспен сүйемелдеп отырады. Еркін Нұржанов бұл әнді өзі болмысына шақтап, эстрада жанрында әдемі орындайды.

(Kairat Nurtas есімді қолданушының сілтемесі )

Енді бір қызығы, дәстүрлі ән мектептері қазақтың әр аймағына өткенде  бейне бір жайылымды жер бірте-бірте сортаңды төбешіктерге ойысып, сәл әріректен таулы-қыратқа бел беретіні секілді білдірмей ауысады. Сөзімізге тұздық болсын, мысалы, Маңғыстаулық Сүгірдің мектебі Қарақалпақстан арқылы Наурызбек жыраудың жырымен Сырға жылыстайды.

Е-е-е-е-е ,
Ал, тыңдар халайық, тати-там,
Қалағандарың сөз болса, тати-там,
Мен жырлауға құмармын, Тати -там
Мен шұбалаң құйрық шұбармын… тати-там.

Бұл да 8 буынның үстіне домбырамен  3 немесе 4 буын қосып төкпелеп айтылатын стиль.  Наурызбек жыраудың  мектебі  Маңғыстау мен Сырдың арасындағы өзінше бір аралық дәстүр. Енді Қарақалпақстан мен Қызылорданың арасы жақын болғандықтан, бұл мектеп бара-бара Сырдың сүлей жырларының мақамына толық ауысады. Дегенмен, Сырдың өз ішінде біршама айырмашылықтар бар. Арал мен Қазалыда бір бөлекше мақам. Мысалы, Нұртуғанның термесі:

Қанекей тілім сөйлеші-көрсетіп көпке өнерді!
Қызыл тілім жел сөзге – туғаннан ақ шеберді.
Кім тыңдайды сөзімді, болмаса әсем мәнерлі?
Басық бұлды болады болса жігіт өнерлі!
Дүниедегі жандының бірі артық, бірі төменді!
Алма мойын наз бедеу құмар жігіт мінеді…
Ару ана шалқұйрық бірдене бірге көнерді.
Балдағы тәтті ақ үйрек ерденен ерге көнерді.
Қаражал құнан ақ шұбар су тұнығын біледі!…

(Kanal von Kaztugan атты қолданушының сілтемесі )

Бұл кавказдық немесе әзірбайжандық әуенге ұқсайтын соны ізденіс, өзінше құбылыс. Қазалыдан бері Қармақшыға өткенде  көмейге салып айтатын дәстүрді жолықтырасыз. Ол кетелердің жыршылық дәстүрі. Көрдіңіз бе, аядай бір аумақта екі түрлі колорит. Домбыра қағысында да баяғы төкпеліктен гөрі, тереңінен шертіп, бұрап суыратын құмық дыбыспен астасады. Ал Шиелі мен Жаңақорғанға жеткенде Әйгілі Нартайдың дәстүрі. Бұның айырмашылығы не дейсіз ғой. Нартайдың әндері сырнаймен сабақтастық тауып, әр нотасы осы бір аспаптың ғажап үнімен қабыса қалатын қасиетке ие. Нартай мен Шымкент жақтағы Майлықожаның арасында да ұқсастықтар бар.  Қордайға дейінгі аралықтан бастап, мұндағы  Аяз Бетбаевқа дейінгі ән өнері бір пластты құрайды. Сәл айырмашылық болмаса, жалпы бір.

Нартай «Сынайын ақын Нартай қолына алсын, е-е-е-е-е» –  деп соңғы сөзге екпін беріп ұзартса, Майлықожа

Е-е-е-е, Ал атаның қадірін айтайын,
Ананың қадірін айтайын.
Балаға деген ықыласын,
Санаға салып байқайын -деп шырқайды.

Жетісу әуезді, ырғақты әндерімен  ерекшеленеді. Мұнда Сүйінбай мен Жамбылдың мектебі бар. Сүйінбай Аронұлы «Өлеңдердің нұр сипаты», «Жиырма беспен қоштасуы» секілді  әуезді әндерімен қатар батыстық мәнерге келетін жырлардан да кенде емес.

Мынауың кұнан кой ма, дөнен кой ма?
Мойнында мылтығы бар мерген кой ма?
Артына жалтақ-жалтақ қарайды екен,
Бір қорлык қасекеңнен көрген кой ма?
Таксыр-ау, бұл заманньң күйін ойла,
Елдің шетін күзетсіз босқа қойма.
Жаугершілік болғанда ханды асырар,
Мерген қойды қонаққа өлсең сойма!
Сүйінбайдың өнеріне бас иген Тезек төре:
Жақсы акын үйге келсе, кыдыр-ырыс,
Айтқаны Сүйінбайдың — бәрі дұрыс.
Көргенді не де болса, бетке айтатын,
Адамнан сирек туар мұндай туыс…

Көбіне Арқаның әншілік мектебі десе  Көкше, Көкше десе Кемпірбай мен Әсет  ойға орала кетеді.  Әйтпесе, орталық арқа қисса айтатын шығармаға бай. Яғни, домбыраның сүйемелдеуінен гөрі қара дауыспен таңға соғатын құрғақ жыр. Ал Көкше басқа. Төменде өзім жиі тыңдайтын Әсет пен Кемпірбайдың қоштасуы бар.  Орындайтын жезтаңдай әнші Жәнібек Кәрменов атамыз. Ауқымды классикалық туынды деуге болады.   Жалпы, рухы мен ән бойындағы мұң мен шер арқаның стилін айшықтайтындай. Сағыныш. Өкініш. Құштарлық. Қимастық.

(Kanal von Kaztugan атты қолданушының сілтемесі )

Жалпы, әр өңірдің ішкі мектептері қалыптасқанынан хабардарсыз. Сыр бойының өзінде бірнеше мақам барын жоғарыда келтіре кеттік.  Бұл дегеніміз, осынау алып жазира  өнегелі өсиет пен мейірбандыққа, бірлікке, патриоттыққа тәрбиелейтін әріден қаузап, қан тамырларды бойлайтын насихатты әндерге бай екеніне дәлел. Ұлттық ән өнері өте күрделі. Негізінен, біздегі оқу орындары Маңғыстау, Сыр, Жетісу және Арқа  мектептері бойынша оқытады.  Төрт мектеп – қазақ әнінің төрт құбыласы дегенім сол.

Мен және мен


IMG_8599

Ағымнан жарылайын,  бала тәрбиесі жөнінен тұтас қауымға үлгі боларлық, көпке кесек сөйлер әке емеспін. Бірақ «әкенің балаға жақсы тәрбие бергеннен артық сыйы жоқ» деген тәмсіл есіме түссе, бұл тақырыпқа қол сілтей алмай дал болам. Қиын-ақ шаруа. Өйткені бала көргенін істейді деген рас екен. Өзім қандай тәрбие алдым, содан алысқа ұзап кете алмай жүргенім де сол шығар. Көңілім елп еткенде екі ұлымды жер-көкке сыйғызбай мақтап, екі бетін шиқандай қып сүйіп тастайтыным, айналып-толғанып, мастанып шыға келетінім мені асырап-өсірген екі ғажап жаннан сіңген қасиет болса керек. Ал, шектен тыс ырылдап мазаны алатын болса, сөз тыңдамай ырбалақтап кетсе, май құйрықтан тартып жіберіп, анасының қамқорлығына бір-ақ жіберетінім де, хммм, әрине, тағы да… сол ғой енді. 🙂  Бұл жақсы ма, жаман ба, білмеймін. Бірақ бізде солай енді. Бала әке-шешені жақсы көріп, сыйлауы керек және керек кезінде қаймығу керек деген қағида санамызда шегеленіп қалған. Енді біз мына жақта «масонай, пасонай» деп жүргенде, ана жақта балаға тәрбие беру дегеннің өзін ғылымға айналдырып жіберіпті ғой. Сол ғылымды жасағыштар баланың да құқы бар деген дәу құжат әзірлепті. Баланың май құйрығынан «мах» еткізбек түгіл, бетіне қарап қатты сөйлеуге қақың жоқ көрінеді. Туған баласы әке-шешесін сотқа беріпті деген жаңалық та таңсық емес қазір. Жә, елде жұмысым жоқ.

Бүгін мен біздің болмысымызға сіңген бала тәрбиесі туралы айтқым келіп отыр. Қазір момын адам барынан айырылатын секілді көрінетіні рас. Сондықтан баламыз сәл жуастау болса, «әй, сүміреймей жүр», «елдің баласына ақыңды жібермей, кішкене жалмаңдап тұрсашы», болмаса, «заманың түлкі болса, тазы боп шал» деп сәби сананы әлден айлакерлікке баули бастайды екенбіз. Әрине, әркімге бір есесін жіберіп тұратын боркемік болмағаны жақсы шығар, бірақ жалмаңдаған қу, жерді құртқан сұм болғаны да жаман-ау осы. Әрі қарай оқу Мен және мен

Барыс автобазары – қасқырлар мекені


1

Мынау Алматының іргесіндегі әйгілі автобазар. Мұнда көліктің жеті атасы бар. Мектепте оқып жүргенде апта сайын осы жерге келуді  анау-мынау «диснейлендіңнен» артық көретінмін. Қалтамда бір тиын жоқ болса да, өзіме ұнаған көліктерді айналсоқтап, анықтап қарағансып, тіпті капотын ашқызып, маторының май жейтін-жемейтінін сұрап жүруден біртүрлі ләззат алушы едім.

Өткендегі бір апталық Алматыға сапарымда осында арнайы соға кеттім. Сол, қалтада көк қағаздың көлеңкесі де жоқ. Ал, пошымым ешкім түсіндіріп бере алмайтындай паң.  Капот ашқызып, оталдырып, бір екі жеріне сын айтып, «айнаңды неге сүртпегенсің», «че та глушителің тесік пе, не пәле» деп  ренжігенсіп, біраз елді әуереге салып қайттым.

9 8

Мұнда орта шаруаның қалтасын көтеретін өтімділігі жоғары көліктерді «ходовой көліктер» деп атайды. Мысалы, осыдан 5 жыл бұрын менің қоңыр түсті 190-мерседесім болды. Қозғалтқыш көлемі 2.3, коробка-автомат, жылы 1991. Оны Қаскелеңнің орталық көшесінен көріп қалып, артынан қалмай қуып жетіп, иесімен танысып, қоярда қоймай, тіпті тартып алғандай қылып,  2700$ -ға сатып алғам.  Ал қазір сол жағдайдағы (состояние) көліктер 4500-6000 $ арасында. Жыл өткен сайын ескі көліктердің бағасы төмендеудің орнына өсіп отыр. 7

Бұны мына «тойота короланың» капотын ашқызып жатып иесінен сұрап ем,  еліміздегі көлік тасымалдауға енгізген «7 жылдық» («семилетка») деп аталатын шектеулер мен Кедендік Одақтың ережесіне сай Ресей мен Беларустан өзге шетелден кіретін көліктерге салынатын баж салығының қымбаттауымен түсіндірді. «7 жылдық» деп отырғаны, мысалы, биыл 2014 жыл болса, яғни, 2007 жылдан арғы көліктер бізге  кіргізілмейді. 2007-2014 жылғы көліктердің бағасын жалпы бұқараның қалтасы көтере алмайды. Демек, сұраныс осы ескі көліктерге түсетіндіктен, бүгінде бұлардың «қаны жерге тамбай тұр». Әрі қарай оқу Барыс автобазары – қасқырлар мекені